Риддерде жаңа мектеп ашылды

718
көрілім

Қыркүйек айының 5-і күні Риддер қаласында №11 орта мектептің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Салтанатты шараға облыс әкімі Даниал Ахметов арнайы қатысты.

Мектеп "AMANAT" партиясының "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір" сайлауалды бағдарламасын іске асыруға арналған "Жол картасы" аясында салынды.


- 600 орынға арналған білім ордасы заман талабына сай жаңа технологиялық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Жаңа мектеп Риддер қаласындағы білім беру мекемелеріндегі жоғары жүктеме мәселесін шешуге мүмкіндік береді, - делінген мәліметте.