Риддерде жасөспірімдер жидек тере барып адасып кеткен

292
көрілім

10 тамыз күні Гавань ауылының маңында Журавлиха өзені арқылы жидек теруге барған екі жасөспірім адасып кеткен, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


Жасөспірімдердің жоғалып кеткені туралы хабарлама алғаннан кейін азаматтық қорғау қызметкерлері дереу әрекет еткен. Іздестіру-құтқару шаралары кезінде жасөспірімдер «Тарасов ключ» аймағында орналасқан омартаға жақын жерде табылды.
– Екі  бозбаланың да жағдайы жақсы. Медициналық көмекке мұқтаж болмады. Жасөспірімдер ата-аналарына тапсырылды. Адасып кетулерінің негізгі себебі қас қарайып, үйге жолды таба алмаған, – деп хабарлады Риддер қалалық ТЖБ.
Мамандардың айтуынша, тұрғындар жидек немесе саңырауқұлақ теруге барғанда орманда барынша сақ болғандары жөн. Ауа райы мен күннің бату уақытына аса назар салу қажет.