Риддерде жүргізуші қатты жылдамдықпен жарық бағанына соғылды

285
көрілім

Оқиға 13 қазан күні орын алды. Тәртіп сақшылары аталған жайтқа байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы кешкі сағат 21.00-де қаладағы «Рандеву» дүкенінің маңында болған.

– "Subaru" маркалы көлікті тізгіндеген 1989 жылғы ер адам қатты жылдамдықпен келе жатып, рөлге ие бола алмай көшедегі жарық бағанына соғылған. Одан басқа дүкен қабырғасына да зақым келген. Келтірілген шығын көлемі анықталуда, – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.