Риддерлік Дмитрий Рейхерд 32 жасқа толды

1712
көрілім

Бүгін фристайлдың могул түрінен әлемдік рейтингіде үздіктер қатарынан орын алған жерлесіміз Дмитрий Рейхердтің туғаны күні, деп хабаралайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өңірдегі облыстық жоғары спорт жетістіктері мектебінің әлеуметтік желідегі парақшасында берілген мәліметте мамандардың тәжірибесі толысып, төртжылдықтың басты бәсекелерінде жүлдеге сынық сүйем қалғанда сүрінген спортшыдан әлі де зор үміт күтетіндіктері жазылған. Әлбетте, мұны жай ғана тілек, жұбату сөзі деп қарамаған жөн. Себебі, Рейхерд жаһандық жарыстарда санаулы спортшыларға ғана есе жіберіп келеді. Айталық, Микаэль Кингсбери (Канада), Бенжамин Кавэ (Франция), Икума Хоришима (Жапония) сынды тісқаққан спортшылар. Қаңтар айының басында 32-ге толған жерлесімізді әлі тұғырдан тайды деу әбестік болар. Арыға бармай Дир-Вэлли, Рука шаһарларында өткен Әлем кубогінде күміс медаль иеленіп, параллельді могулде жүлде алып жүрген жерлесіміз биыл да жоғары жетістіктерімен қуантады деген сенім мол.

Әділхан ЕСІМХАНОВ