Риддерлік Төтенше жағдай қызметкерлері тауда қалған жасөспірімдерді құтқарды

394
көрілім

6 қазан күні сағат 15.40-та Риддер қаласының тұрғыны құтқарушыларға қоңырау шалып, ұлы мен досы тауға кеткендігін айтқан. Жасөспірмдердің бірі аяғын жарақаттап алып, өздігінен жүре алмайтындықтарын мәлімдеген, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Эвакуациялауға қалалық арнайы өрт сөндіру бөлімінің мамандары шыққан.

– Зардап шеккендерді іздеу барысындағы қиындық жолдың жоқтығы мен қараңғылықтан болды. Алайда ыңғайсыздықтарға қарамастан сағат 20.06-да оларды Иванов жотасынан таптық. Жағдайлары қанағаттанарлық. Алтысағаттық еңкейіске түсуден кейін аяғын ауыртып алған жігіт ауруханаға жеткізілді, – дейді Риддер қалалық ТЖБ-ның аға офицері Сергей Бородин.