Риддерліктер бес күнге суық сусыз қалмақ

332
көрілім

«ЛК ГЭС» компаниясы тамыздың соңына қарай өздерінің гидротехникалық құрылғыларын тексерістен өткізіп, жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлауда. Соған орай тексеріс барысында бес күндей Громотуха өзеніне жолдар жабылады. Бұл уақытта тұрғындар суды жерасты тоғандарынан ала алады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


Ресми мәлімдемеде «ЛК ГЭС» компаниясының басшылығы Хариузов ГЭС-і гидротехникалық құрылғыларының суасты бөлшектеріне көпфакторлы тексеріс жасап, жөндеу жүргізу үшін суды өшірудің қажет екенін айтқан.
Тұрғындарға су беру тамыздың 20-ында таңғы сағат 6:00-ден бастап тоқтатылады. Ал тексеріс жүргізіліп біткен соң тамыздың 25-інде түнгі сағат 22:00-де қайта қосылмақ. Бір айта кетерлігі, суды өшіру Водоканал абоненттеріне ғана қатысты болмақ. Мәселен «Л-ТВК» ЖШС тұтынушылары жерасты скважинасын пайдаланып отырғандықтан суды пайдалануды жалғастыра береді.
Өшірілген уақытта резервтегі ток көзі іске қосылады. Риддер қаласының әкімі Жомарт Мұратовтың ақпаратына сенсек, тамыздың 19-нан бастап таңсәріден жерасты тоғанындағы төрт су қоймасын толтыру жұмысы басталады. Максималды биіктігі 4,6 метр болмақ.
Алайда скважинадан шыққан су Таловка, Гавань, Ботаника және Лесхоз сынды құдығы бар аудандардағы жекеменшік секторға жетпейді. Бұрын жерасты суларын қабылдау кезінде Төртінші шағын аудандағы кейбір үйлер жерасты суларына қолжетімді аймақтан тыс жерлерде болған. Жергілікті билік бұл жолы жандандыратын ылғалдың барлық пәтерге берілетінінен үміттеніп отыр.
Егер кейбір үйлерде суды пәтерге тартуда қажетті мөлшердегі қысым жетпесе, қала басшысы бұл жұмысты жертөлелерде жалғастыруды тапсырмақ. Онда тұрғындарға су тиелген көлікті сабыла күтудің еш қажеті жоқ. Жекеменшік секторға суды төрт арнайы автоцистернамен жеткізеді.
Әйтсе де Водоканал абоненттері мейілінше суды молынан алып алғандары абзал.

Нұрбек АСҚАРОВ