Рұқсат берілді

51
көрілім

2018 жылы өңірімізде жануарлар түрлерін аулауға 156, ал балық аулауға 247 рұқсат берілсе, өзен-көлдерде 149 рет кеме жүргізу режиміне келісім жасалған. Бұл жөнінде облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы хабарлап отыр.

- Жыл басынан бері инспекция балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және учаскелерде кеме жүргізу режиміне 149 рет келісім берсе, 247 рет балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама берілді. Бұдан бөлек, саны реттеуге жататын жануар түрлерін аулауға 383 өтініш келіп түссе, оның 156-на рұқсат беріліп, 227-нен бас тартылды, - дейді инспекция мамандары.

Барлық мемлекеттік қызметтердің стандартқа және регламентке сәйкес уақытында көрсетілгенін алға тартқан мамандар, бұл салада ешқандай заңбұзушылықтың орын алмағанын хабарлады.

- Азаматтар барлық көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін электронды үкімет порталы арқылы немесе Өскемен қаласы, Мызы көшесі, 2/1 мекен-жайына сағат таңғы 9.00-ден 18.30-ға дейінгі аралықта ала алады, - деп қосты инспекция өкілдері.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ