С.Аманжолов атындағы ШҚУ студенттері ережесіз жекпе-жектен Әлем біріншілігінде үздік нәтиже көрсетті

408
көрілім

Астанада ережесіз жекпе-жектен Әлем біріншілігі өтіп, шығысқазақстандық спортшылар тұғыр биігінен көрінді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«MMA-Free Fighting» аталатын жаһандық жарысқа Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей сынды елдердің жекпе-жек шеберлері қатысты. Жерлестеріміздің айтуларынша, үш күнге жоспарланған сайыс бір күнде тәмам болды.
Самар ауданына қарасты Көкжыра ауылының тумасы Бақжанар Нұрланбекұлы төрт кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Осы үшін оған «MMA-Free Fighting бойынша Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағы берілді. Көкжыралық тағы бір спортшы Ақыт Қайрат өз салмағында үшінші орын иеленіп, кіл мықтылар арасында лайықты жекпе-жек өткізді. Бақжанар да (3-ші курс), Ақыт та (4-ші курс) С.Аманжолов атындағы ШҚУ студенттері. Екеуі де осыған дейін елішілік додаларда ұдайы жүлде алып жүрген спортшылар.