Сақадай-сай

36
көрілім

Тарбағатай ауданындағы білім ошақтарының қыс маусымына дайындығы аяқталып, өрт қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.

"Ауданда 50 мектеп бар, оның 34-і орта, 6 негізгі, 10 бастауыш мектеп, мектептердің 30-ы типтік үлгіде, 20-сы бейімделген ғимараттарда орналастырылған. Биылғы оқу жылында 17 мектеп көмірмен жылытылатын жылу қазандығымен, 9-ы пешпен, 24-і электр жылу қазандығымен жылытылады.Бүгінгі күні барлық білім беру мекемелерінің ғимараттарына, жылыту қазандықтарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жылу жүйелері су қысымымен сыналып актілері жасалды. Сондай-ақ мектептердің қалыпты жұмыс істеуі үшін өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында 2018 жылы өрт сөндіру құралдарын сатып алуға 80 мың теңге бөлінді. Залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге арнайы құралдар сатып алуға 6 585 000 теңге қаржы бөлініп, қауіпсіздік ережелерін сақтау, арнайы оқу ұйымдастыру мақсатында ШҚО Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті бақылау басқармасымен бірлесіп операторлар, от жағушылар, шаруашылық меңгерушілері арнайы оқу курстарынан өткізілді", - делінген Тарбағатай ауданы әкімінің ресми сайтында.

Ерлен ОСМАНОВ