Самар ауданында шаңғы жарысы өтті

367
көрілім

Шаңғышылар Самардың іргесіндегі Көкжыра ауылында бас қосты. Аудандық, облыстық деңгейдегі жарыстарды ұйымдастыруда біршама тәжірибеге ие Амангелді орта мектебі бұл жолы да тартысты бәсекенің куәсі атанды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сайыс ақпан айының 24-і күні өтті. Күн райы да қолайлы еді. Температура -12-15 градус аралықты көрсетіп, шын мықтыны анықтауға барынша ыңғай жасағандай. Орта буыннан бастап, жоғары сынып оқушылары мектептен Жәнібек дөңіне қарай жүгіріп, түрлі жылдамдықты көрсетті. Жарыс жолына ұзын-саны 90-нан астам оқушы шықты. Барлығы 10 мектептен келген. Мұхит Токов, Талғат Қабдрахманов, Дәурен Ракишев сынды сайыс төрешілері алда ауқымды жарыстарда аудан намысын арқалайтын мықтыларды қалт жібермей назарға алды. Қарсыластарынан оқ бойы озық келгендері бар, іркес-тіркес, бірін-бірі өкшелеп мәреге жеткендері бар.

Бастысы, мектеп қабырғасында есеп шығарып, теорияға бас қатырған оқушылар Көкжыраның жазығында құрыс-тұрысын жазып, желдей есті. Жарыс қожайындары жүлденің көбін қанжығалады. Ағайынды Аман, Есен Нұрланбекұлы, Бекзат Мурсалимов, волейболдан ел чемпионы Ақтілек Әбіш сынды қатысушылар жылдамдықтан шашау шығармай жүгірді.
Нәтижесі төмендегідей:
1 шақырым, қыздар 5-6 сынып
1 орын – Медетқызы А. «Амангелді орта мектебі»КММ
2 орын – Асылхат М. «Абай атындағы орта мектеп»КММ
3 орын – Кабир Д. «Абай атындағы орта мектеп»КММ
1,5 шақырым, ұлдар 5-6 сынып
1 орын – Нұрланбек Е. «Амангелді орта мектебі»КММ
2 орын – Қалымхан Ш. «Амангелді орта мектебі»КММ
3 орын – Мурсалимов Б. «Амангелді орта мектебі»КММ
1,5 шақырым қыздар 7-8 сынып
1 орын – Губарева Е. «№1 Самар орта мектебі» КММ
2 орын – Жеңісова А. «Амангелді орта мектебі»КММ
3 орын – Медетқызы Ж. «Амангелді орта мектебі»КММ
2 шақырым ұлдар 7 – 8 сынып
1 орын – Әбіш А. «Амангелді орта мектебі»КММ
2 орын – Тосым М. «Абай атындағы орта мектеп»КММ
3 орын – Нұрланбекұлы А. «Амангелді орта мектебі»КММ
3 орын – Қайдаров М. «Мектеп-бөбекжай-балабақша кешені» КММ
2 шақырым қыздар 9-11 сынып
1 орын –Есенбекова А. «Амангелді орта мектебі»КММ
2 орын – Қасымова Б. «Амангелді орта мектебі»КММ
3 орын – Жексенбаева А.- «Амангелді орта мектебі»КММ
3 шақырым ұлдар 9-11 сынып
1 орын – Тоембаев С. «Мектеп-бөбекжай-балабақша кешені» КММ
2 орын – Ынтымақ А. «Амангелді орта мектебі»КММ
3 орын – Есболат Б. «Амангелді орта мектебі»КММ

Әділхан ЕСІМХАНОВ