Самар ауылдық округінің әкімі: Аудан азаматтарына мың алғыс

733
көрілім

Бүгін Самар ауылында аудан мәртебесін алуына орай мерекелік шаралар өтуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қуанышқа ортақтасып, жылы лебіздерін төгіп жатқан меймандар саны біршама. Әр саланың үздіктері һәм кәсіпкерлердің ширек ғасыр арман еткен тарихи сәттің куәсі болуға асыққандары құттықтау сөздерінен байқалады. Көпшілігі осы өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын бірқалыпты ұстауға атсалысқан округ басшысы Ахмет Күдербаевтың еңбегін атап өтті. Өз кезегінде жауапты тұлға барлық жетістік ауызбіршіліктің арқасында болғанын жеткізді.


- Осындай атаулы күннің өз деңгейінде атап өтілуіне сүбелі үлес қосқан аудан азаматтарына алғысым шексіз. Жүректері әркез елім деп, жерім деп соғып тұрады. Самар хал0ы еңбекқор әрі қажырлы. Төрт түлігі ой мен қырын жайлап, егіншілік бір бағытқа қойылған. Алда жарқын сәттер мен жаймашуақ күндер болғай, - деді Ахмет Фазылұлы.
Өз кезегінде осы өңірдің іскер азаматы Александр Федосов Самар ауылының құрылған сәттен бері шаруашылықтың қай саласын меңгерсе де алда болып, қазіргі уақытқа дейін еңбекқорлықтарын еш жоғалта қоймағандарын алға тартты