Сана Анарқұлова «Алтай» волейбол клубының директоры болып тағайындалды

811
көрілім

«Алтай» әйелдер волейбол клубының белді ойыншыларының бірі Сана Анарқұлова жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы ресми ақпарат шықса да оның спорттық мәнсабын аяқтағаны туралы еш жерде жазылмады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Соған қарағанда волейболшы ретінде енді «Алтай» сапынан көре алмаймыз. Десе де Анарқұлова командасымен үнемі бірге. Айтпағымыз, төртінші, екінші аймақтардан шірене тарта соққы жасайтын ойыншы енді «Алтай» клубының директоры болып тағайындалды. Соль-Илецк қаласының тумасы қазір 32 жаста. Спортшы ретінде еш «қартайып» тұрған жоқ. Әйтсе де алдағы уақытта басшы болып қызмет атқаратыны расталды.
Сана Мақсұтқызы алдымен «Грация-Уральск», «Ертіс-Казхром», «Алматы», «Астана» командаларында ойнады. Өскемендік ұжым сапына 2015 жылы өтіп, 2016 жылы ел чемпионы атанды. Айтулы жетістіктері деп «Алтаймен» бірлесе жеткен клубтық Азия чемпионатындағы жеңіс пен күміс медаль. Бірнеше мәрте Ұлттық лига чемпионы, Суперкубок иегері.
Айта кетейік, осыған дейін бұл лауазымда Мархат Ченваев отырған болатын.
Әділхан ЕСІМХАНОВ