Сандық форматқа көшеді

268
көрілім

2020 жылға дейін Шығыс Қазақстан сандық телерадио таратылымға көшірілмек. Бұл жөнінде ҚР Ақпарат министрі Дәурен Абаев Үкімет отырысында хабарлады.

- Шығыс Қазақстан облысының Владимировка ауылынан Маңғыстаудың Қаражамбасына дейінгі, солтүстіктегі Сунный ауылынан Түркістан облысының Мырзакентіне дейінгі ел аумағы сандық таратылыммен қамтылатын болады, - деді Дәурен Абаев Үкімет отырысында.

Сандық телерадиотаралым кескін мен дыбыстың сапалылығымен, сондай-ақ телеарналар санының көптігімен дараланады.

- Егер біз толықтай аталмыш стандартқа өтетін болсақ облыс орталықтарындағы тұрғындар 30-ға дейін, ал ауылдар мен аудан орталықтарындағы тұрғындар 15 телеарнаны сандық форматта көре алатын болады. Отандық пакеттегі телеарналар жаңалық, балаларға арналған, мәдениет, спорт туралы және кино көрсететін арналармен толтырылады, - деп қосты министр.

Қазақстандық теле және радиостанциялардың толықтай сандық форматқа көшірілуі 2021 жылға дейін деп жоспарланған.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ