Санын азайту керек

332
көрілім

Шығыс Қазақстан облысының депутаттары қарға мен суқұзғын санын азайту қажеттігін айтуда. Олардың айтуынша, бұл құстар қоршаған ортаға үлкен зиян келтіреді.

Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясы отырысында Өскемен қаласындағы Жеңіс саябағында қарғалардың қаптап кеткендігі жайлы сөз қозғалды. Тіпті саны тым көбейіп кеткен қарғалар саябақ қызметкерлерінің жұмыстарына кедергі келтіруде.

– Бұрынғы кездері орман шаруашылығы қызметкерлері қарға санын белгілі бір нормада ұстау үшін тиісті шараларды қолданатын, – дейді депутаттардың бірі, – Қазір осы мақсатта ешқандай жұмыстар атқарылып жатқан жоқ. Суқұзғындар да Бұқтырма су қоймасының фаунасына елеулі зиянын тигізуде.

Өз тілшіміз