Сапасы жоғары

481
көрілім

ШҚО-да Өзбекстанда құрастырылған жапондық "Жедел жәрдем" көліктері пайда болуы мүмкін.

19 қыркүйек күні облыс әкімдігінде өткен отырыста ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов Семей қаласының жедел медициналық жәрдем станциясына автокөлік жетіспейтінін алға тартқан болатын. Басқарма басшысын тыңдаған облыс әкімі Даниал Ахметов мекемеге қосымша автокөліктер сатып алу жөнінде тапсырма беріп, өңірдегі осындай станцияларды Өзбекстанда құрастырылған жапондық автокөліктермен қамтамасыз ету қажеттігін де айтып өтті.

- Өзбекстан Жапониямен бірлесе отырып "Isuzu" маркалы керемет "Жедел жәрдем" көліктерін құрастыруда. Бұл көліктердегі бір ерекшелік, жоғары сапа мен бағасының бәсекеге қабілеттілігі. Міне, бұл бізге нағыз қажет нәрсе, - деді Даниал Кенжетайұлы.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ