Сапасыз өнімдер сатылған

257
көрілім

Шығыс Қазақстан облысына шетелден әкелінетін 289 өнім еліміздің техникалық регламент талаптарына сай емес, деп хабарлайды газет тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Талап үдесінен шықпайтын азық-түліктің көпшілігі Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия сынды елдерден жеткізілген. Мамандар ет, сүт, балық, шұжық және шырын түрлеріне сараптама жүргізген. Мәселен, сүт құрамы 4 пайыз майлылықты көрсетсе, тексере келе бұл көрсеткіштің 3 пайыздан да төмен екені анықталды.

– Азық-түлік қауіпсіздігі монторингісін жүргізу барысында 527 сауда орнын қарап шықтық. Ол жердегі өнімдерден 5833 сынама алынды. Нәтижесінде барлығында да талаптардың сақталмағаны белгілі болды, – деді ШҚО Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы Алена Кравченко.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ