Өскеменде ШҚМУ студенттері белгілі сатира саңлағы, журналист, «Ара» журналының бас редакторы Көпен Әмірбекпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сатира саңлағы 70 жылдық мерейтойын С. Аманжолов атындағы жоғары оқу орыны атап өтті. Кездесу барысында театр сыншысы өзінің еңбек жолын мен шығармашылығын студенттер қауымына кеңінен баяндап берді.
Кездесуге Көпен Әмірбектің бірге оқыған замандастары мен достары да келіп құттықтау сөз сөйледі.
– Көпеннің астарлы әзілдері жүзіңе күлкі силағанымен жан дүниеңнің әлсіз түсына дүп тиіп жатады. Әр әзілдің түбі қазахи тәрбиемен ұштасып жатуы тегін емес. Әзіл де сөз өнерінің өзіндік бір құдыреті, – дейді Мәдениет, спорт, туризм, ақпарат қызметкерлері кәсіподағының ШҚ облыстық филиалының төрағасы Түсіпхан Түсіпбеков.