Сайлау: ШҚО тұрғындары белсенді дауыс беруде

138
көрілім

Өскемен қаласында тұратын студент дәл туған күніне сәйкес келген сайлауда дауыс берді.

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары президент сайлауында өз таңдауын жасап жатыр. Оның ішінде Өскемендегі Амурская көшесінде орналасқан №79 сайлау учаскесіне келіп жатқандар көп. Бұл учаскеде барлығы 2585 адам тіркелген.

Азаматтық ұстанымын көрсетіп сайлауда алғаш дауыс берген жастарға естелік кәдесыйлар табыс етілуде. Соның бірі – Өскемен жоғары политехникалық колледжінің студенті Мәди Құдайберген. Оның үстіне бүгін оның туған күні.

«Еліміз үшін осындай маңызды күнде 20 жасқа толып отырмын. Бірінші рет сайлауда дауыс бердім. Болашақта ұстаз болып, мемлекетіміздің дамып, өркендеуіне өз үлесімді қосқым келеді», - дейді студент.

Айта кетейк, Өскеменде барлығы 112 - ашық және 10 жабық сайлау учаскесі бар. Олар сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.