Семей халықаралық әуежайында мүгедектерге арналған жеделсаты жұмыс істемейді

406
көрілім

Семей қаласының халықаралық әуежайында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жеделсаты жұмыс істемей тұр, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы қала тұрғындарының бірі «Instagram» әлеуметтік желісіне бейнежазба салып, шағымданған.

- Семейдегі әуежай. Мүгедектерге арналған лифттің есігін ашқанымыз үшін бізге ұрсып жатыр. Лифт жұмыс істемей тұр. Әкімшілік қайда қарап отыр, - деп шағымданды бейнежазба авторы.

Бұл мәселеге байланысты әуежайдың әкімшілігіне хабарласқанымызда ол жердегі жауапты тұлғалар жеделсатының жұмыс істемейтінінен бейхабар болып шықты.

Естеріңізге сала кетейік, Семей қаласындағы әуежай толық жаңартып, халықаралық талаптарға сай қайта жөндеуден өту үшін бюджеттен қыруар қаржы бөлініп, нысан өткен жылы қолданысқа берілген болатын.