Семей қаласында 7 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі

332
көрілім

Үстіміздегі жылы Семей қаласында 7 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

2019-2020 жылдар аралығында Семей қаласында жеке инвестицияны тарту тәртібімен жалпы ауданы – 60 179,4 м2, 482 пәтерлі, 13 көпқабатты тұрғын үй салынған.

Жалпы аудан – 26 402 м2, 218 пәтерлі 6 көпқабатты тұрғын үй 2019 жылы пайдалануға берілген болатын.

- Осы жылы жалпы ауданы – 33 777,41 м2-ты құрайтын, 264 пәтерлі 7 – көпқабатты тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр, - деп мәлімдеді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.