Семей қаласында болған жол-көлік оқиғасынан бірнеше адам зардап шекті

548
көрілім

Тәртіп сақшылары жол апатына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 32 жастағы «Nissan» көлігінің жүргізушісі Щорс көшесі бойымен жүріп келе жатып №2 шағын автобусымен соқтығысқан.

– «ГАЗель» көлігі мен жеңіл көліктің иесі және екі жолаушы қалалық ауруханаға түрлі дене жарақаттарымен жеткізілді. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу жүргізілуде, – деп хабарлады баспасөз қызметі.