Семей қаласында түнде лифтіде қалып қойған адамдар құтқарылды

892
көрілім
Шартты фотосурет.

Семейде түнде лифті тоқтап, сонда қалып қойған адамдар құтқарылды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Семей қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мәліметіне сүйенсек, оқыс оқиға 28 мамырда түнгі үштер шамасында орын алған. Рысқұлов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің лифті 6-қабатқа жеткенде бұзылып, ішінде 4 адам қалып қойған.

Құтқарушылар оқиға орнына шұғыл жетіп, лифтінің есігін ашқан. Оның ішіндегі адамдар құтқарылды. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.