Семей қаласында ұрлық жасаған Қырғызстан Республикасының азаматы қолға түсті

502
көрілім

25 жастағы қырғыз азаматы Семей қалалық тәртіп сақшыларымен ұсталды, деп хабаралайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


1 тамыз күні кезекші Орталық полиция бөліміне 46 жастағы жеке кәсіпкер хабарласып үйіндегі сейфінен ақша және қымбат заттарының жоғалғанын айтқан. Анықталғандай темір сейфке келетін кілт тауып алған ұры оның ішінен  2 000 000 теңге және 1 500 доллар тұратын «Гуччи» алтын сағаты мен алтын білезік, жүзік, алқаны алып кеткен. Жалпы келтірілген шығын 3 800 000 теңгені құрайды.
– Тергеу барысында ұры барлық кінәсін мойындаған. 1 900 000 теңге ақша қайтарылды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тексеру жүргізілуде, – деп хабарлайды ШҚО ПД.