Семей қаласының 15 жастағы тұрғыны іздестірілуде

250
көрілім

Бір ай бұрын жоғалған Семей қаласының тұрғыны әлі табылмай жатыр, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Volontery_semey_LIDER.KZ еріктілер тобының мәліметінше, 30 тамыз күні Садықова Аружан Бауыржанқызы Жамақаев көшесінде орналасқан базар маңындағы үйінен шығып, белгісіз жаққа бет алып, қайтпаған. Еріктілер оны біреулер Өскемен қаласынан кездестіргендігі жайлы есітеген.

Жоғалған күні Аружанның үстінде қара футболка мен тоқсары түсті шалбар болған.

Қандай да бір мәліметтеріңіз болса 8-747-359-57-17 нөміріне немесе 102 арнасына қоңырау шалуларыңызды өтінеміз.