Семей қаласының ішіне сілеусін кіріп кетті

897
көрілім

Инстаграм әлеуметтік желісінде Семей қаласындағы Компоселок ықшамауданында орналасқан бір үйдің ауласына сілеусін кіріп кеткен бейнежазба тарады, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Үй ауласына кіріп кеткен түз тағысы шамның жарығынан қашуға тырысқаны бейнежазбада анық көрінеді.

Қазіргі уақытта аңның қалаға қалай тап болғаны белгісіз.