Семей қаласының құтқарушылары пәтерде қамалып қалған 2 бүлдіршінді құтқарды

691
көрілім
Фотосурет - ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен

Семейде құтқарушылар бір тәулік ішінде қос пәтерден екі баланы құтқарды. Екі оқиғада да бүлдіршіндер пәтерді ішінен кілттеп, қамалып қалған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Көпқабатты тұрғын үйлердегі құтқару жұмыстары екі сағатқа дейін созылды.

- Бала қамалып қалған пәтер 6 қабатта орналасқан екен. Жағдайды бақылаған қызметкерлер бүлдіршіннің анасымен келісіп құлыпты бұзған, - дейді №2  Өрт сөндіру-құтқару бөлімінің аға құтқарушысы Медет Карімжанов.

Екінші жағдай Бөгембайұлы көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде орын алған. Ағасы дүкенге кеткенде 2 жасар балақай үйде қамалып қалады. Пәтер 8 қабатта орналасқандықтан құтқарушыларға 9 қабаттың балконынан 8 қабатқа түсуге тура келген. Төтенше жағдайлар қызметкерлері келгенде бала қорықпай, керісінше мультфильмін көріп отыра берген.

Айта кету керек, жыл басынан бері облыс бойынша пәтерде қамалып қалу оқиғасы 43 рет тіркеліп, 55 адам құтқарылды.