Семей тұрғындары тегін құқықтық кеңес алды

380
көрілім

Кеше елімізге танымал адвокат және құқық қорғаушы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының штаттан тыс кеңесшісі Айман Умарова «Adal kómek» жобасы шеңберінде және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілі Данияр Сабирбаев Семей қаласының сервистік әкімдігінде өңір халқының әлеуметтік осал топтары үшін тегін заң кеңесін өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Адвокат Айман Умаровамен кездесуде өңір тұрғындары «халық заңгеріне» өз алғыстарын білдіріп, аталған жобаның қажеттілігі туралы айтты. Консультациялар онлайн режимінде де, офлайн форматта да өткізілді. Барлық сұрақтарға тиісті жауаптар мен ұсыныстар берілді.

Тәжірибе көрсеткендей, азаматтардың көпшілігі өздерінің құқықтары бұзылған кезде кіммен байланысатындығын, қай мемлекеттік органның құзыретіне оның сұрақтары кіретінін және шағым беру тәртібін білмейді. Бірақ өтініштін қаралу нәтижесі хаттың дұрыс даярлағанына және тиісті органға жолдауына байланысты.

Осыған байланысты «Еріктілер жылы» аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінде (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) «Adal kómek» жобасы іске қосылды.

Мақсаты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ өмірлік маңызды мәселелерді шешу үшін халықтың әлеуметтік осал топтарына құқықтық көмек көрсету болып саналады, - дейді мамандар.

Волонтер ретінде Агенттік қызметкерлері, тәжірибелі заңгерлер, адвокаттар, нотариустар, сондай-ақ студенттер, магистранттар, докторанттар және ЖОО заң факультеттерінің оқытушылары халыққа өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша тұрақты негізде тегін кеңес береді.

Іс-шарада адвокат сондай-ақ Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен елімізде заңгер Айман Умарованың құқықтық онлайн-мектебі жұмыс істейтінін, онда қазақстандықтар үздік заңгерлердің тегін онлайн-консультацияларын ала алатынын айтты (сайт www.womenrights.kz ).