Семей тұрғыны есірткімен ұсталды

5715
көрілім
Шартты фотосурет

Орталық полиция бөліміне семейлік тұрғынның бірі есірткі заттарын заңсыз сақтаумен және тұтынумен айналысуы мүмкін екендігі туралы жедел ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері қала көшелерінің бірінен 26 жастағы ер адамды ұстап, оны жеке тінту барысында күртешесінің ішкі сол жақ қалтасынан ерекше иісі бар қоңыр түсті сұйықтығы бар шприц табылып алынды.

Сараптамаға сәйкес алынған зат жалпы салмағы 0,0267 грамм болатын экстракциялық опий болып шықты.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.