Семейде 1200 орындық мектеп ашылды

821
көрілім
Биылдың өзінде Семейде екі бірдей білім шаңырағы салынған. Солардың бірі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні бой көтерді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Жаратылыстану-математика бағытындағы мектеп 1200 орынға арналған. Заман ағымына, стандарт талабына сай бой көтерген оқу орны жаңа модификация сыныптарымен жабдықталған. Кешенді интерактивті құралдар орнатылған мектепте химия, биология, физика және информатика кабинеттері бар.

Мектепте тек білім алып қана қоймай, балалардың жан-жақты дамулары үшін де барлық жағдай жасалған. Спорттық және гимнастикалық құрылғылары бар екі спорт зал жұмыс істейді.