Семейде 15 медицина қызметкеріне пәтер кілттері табысталды

380
көрілім

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Семей қаласындағы медицина қызметкерлеріне пәтер кілттерін табыстады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

- Біз болашақ ақ халатты абзал жандарды даярлайтын оқу орындарындағы талапты күшейтуіміз керек. Әсіресе жас дәрігерлер ағылшын тілін жетік білгені жөн. Сонымен қоса мамандарды жыл сайын біліктілік арттыруға шетелдерге жіберуді ары қарай жалғастырамыз. Біз сонда ғана медицинасы дамыған елге айналамыз, - деді Даниал Ахметов.

Облыс әкімі медициналық қызметкерлерге арналған жаңа автобуспен танысты. Шара барысында медицина саласында қызмет етіп жүрген 15 жас маманға пәтер кілттері табысталды. Енді тек алаңсыз жұмыс істеуді мақсат тұтқан жастардың көңілі шат.

- Бүгін міне баспаналы болу бақыты бұйырды. Көңіл-күйім өте тамаша. Бұл жастарға үлкен демеу. Қазіргі қоғамдағы жастардың басты мәселесі бұл - баспана. Осы орайда облыс басшылығына алғыс айтамын, - деді жас маман Әйгерім Болатқызы.

Таунар ҚАЙРАТ