Семейде 19 жастағы бозбала із-түзсіз жоғалып кетті

419
көрілім

Семей қаласының тұрығыны, 19 жастағы Илья Шаховқа іздеу салынды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Ол 2 күн бұрын, яғни 22 ақпан күні сағат 12.00-13.00 аралығында үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайтып оралмаған. Әлі еш хабар-ошар жоқ.

Ильяның сырт келбеті: бойы 175 сантиметр, көздері мен шашы қоңыр түсті, аздаған тілінің мүкісі бар.

Үйінен шыққан күні үстінде қара түсті тоқыма бас киім, қара күрте, көк джинсы шалбар мен қара сұр спорттық аяқ киім болған. Сонымен қатар өзімен бірге қоғамдық көлікте жүруге арналған картасын алған.

Volontery_semey_lider.kz тобының еріктілері көрген-білгендер болса 102 немесе 8 747 349 57 17 нөміріне қоңырау шалуын, ватсап әлеуметтік желісінде 8 701 375 92 91 нөмірі бойынша хабарласуын сұрайды.