Семейде 2 жыл бойы талай мәрте ұрлық жасаған ер адам сотқа тартылды

526
көрілім

Семей қаласының №2 сотында 2016-2017 жылдар аралығында талай мәрте ұрлық істеген ер адамға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Былтыр 6 маусым күні 41 жастағы семейлік азамат Аймауытов көшесінде орналасқан тұрғын үйге терезе арқылы заңсыз кіріп, қобдишаның ішінен 30 мың теңге тұратын алтын алқаны үптеп кеткен.  Дәл осы жылы 14 қыркүйек күні сағат 11.00-шамасында Семейдегі сауда үйлердің біріндегі дүңгіршек ішінде тұрған әйелдің сөмкесін ұрлайды. Сөмкенің ішінде азаматшаның ұялы телефоны, ақша салынған әмияны, жеке куәлігі және тағы басқа заттары болған. Осылайша жәбірленушіге жалпы құны 120 мың теңге материалдық залал келеді. 2016 жылдың қазанында түс кезінде тұрғын үйлердің біріне  рұқсатсыз енген еркек өзімен бірге 243 мың теңгеге бағаланған зергерлік әшекейлерді ала кетеді. Сол жылдың 4 қарашасында әлгі еркек сауда дүкенінде жүрген азаматшаның сөмкесін үптеп кеткен. Биыл маусым айында қолы ұрлыққа әбден үйренген ол тағы да сөмке ұрлайды.

Сот барысында бұрын да сотты болған айыпталушы өз кінәсін толықтай мойындады. Сот үкімі бойынша ол 3,6 жылға бас бостандығынан шектеліп, мәжбүрлі еңбекке тартылды.