Семейде алаяқ тұрғынның 700 мың теңгесін иемденген

1829
көрілім
Шартты фотосурет

Қараша айының 10-ы күні Семей қаласының 33 жастағы тұрғыны Әуезов полиция бөліміне жүгініп, алаяқтық фактісі туралы хабар берген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Семей қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, тамыз айының басында кездейсоқ сөйлесіп тұрған белгісіз біреу өзінің ВАЗ-21060 маркалы автокөлігін қолжетімді бағамен сататындығына сендірген.
Бар өтірігін үйіп-төккен ол ақыры сөзіне иландырған.
- Бірақ ол осы қызметі үшін алдын-ала төлем жасауды талап етіп оның 700 000 теңге ақшасын иемденіп, уәде еткен көлікті бермеген. Жәбірленуші өзінің алданып қалғанын түсініп бірден полицияға хабарлады. Алаяқ бұрын сотталған 27 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты, - делінген мәліметте.
 Тәртіп сақшылары жалған сатушыға қатысты, ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес қылмыстық іс қозғады.