Семейде бір ай бұрын жоғалған бойжеткен өлі күйінде табылды

747
көрілім

Бір айдан аса уақыт жоғалған қыздың өлі денесі Семейден табылды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Биылғы жылдың 16-сәуірінде із-түссіз жоғалаған 18 жастағы Әйгерім Әміренованың денесі Семей қаласының маңынан табылды.

- Бізге бұл қаралы хабарды қыздың анасы мәлімдеді. Бойжеткеннің мәйіті қаладан 22 шақырым жерде орналасқан ауылдардың бірінің маңынан табылды, – деді «Rina KZ Семей» еріктілер қозғалысының жетекшісі Евгений Павел.

Сондай-ақ, Әйгерімнің денесі өзен бойынан табылғаны және денесінен зорланған белгілер анықталмағаны мәлім болды.

Естеріңізге сала кетсек, Әйгерим Әміренова үйінен сабаққа шығып кеткен күйі із-түссіз жоғалған.