Семейде Әлихан Бөкейхановқа ескерткіш орнатылады

895
көрілім

Қыркүйек айында Семейде Әлихан Бөкейхановқа арналған тұңғыш үлкен ескерткіш орнатылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Сакралды Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы, саясаттану ғылымдарының докторы Берік Әбдіғали мәлім етті.

— Биыл Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай, еліміздің әр өңірінде түрлі шаралар, конференциялар жүріп жатыр. Қызылорда облысы Мұстафа Шоқайға ескерткіш қойды. Семейде биыл Әлихан Бөкейхановқа қоладан үлкен ескерткіш қою жоспарланып отыр. Естуімше, облыс әкімдігі қаражат бөліп, ескерткіш қоятын орынды белгілеп жатыр. Бұл Әлихан Бөкейхановқа арналған  Қазақстандағы тұңғыш үлкен ескерткіш болмақ, — деді Б. Әбдіғали.