Семейде ер адам пластикалық терезе саламын деп 465 мың теңге жымқырған

1143
көрілім

Қараша айының 3-і күні Семей қалалық полиция басқармасы Әуезов полиция бөліміне алдап, ақша ұрланғаны туралы ақпарат түскен, деп хабаралайды Buqara,kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, 36 жастағы жергілікті тұрғын жүгініп, қыркүйек айының ортасында бейтаныс біреу пластикалық терезелерді орнатып беремін деген уәде бергенін жеткізген. Содан сенімге кіріп 465 мың теңге залал келтірді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

 - Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қаланың 32 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта оның өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде, - ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев

Полиция департаменті тағы да азаматтарды сақ болуға, бейтаныс азаматтарға сенбеуге шақырады.