Семейде із-түзсіз жоғалған бала табылды

350
көрілім

Бірнеше күн бұрын Бобровка ауылында із-түзсіз жоғалған Айбар Егізбаев есімді бала табылды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

26 қаңтар күні таңертең полиция қызметкерлері 9 жасар Айбарды аман-есеп тапты. Екі күнге созылған іздеу жұмыстарына 1200 адам қатысқан. Оның ішінде полиция қызметкерлері, еріктілер мен қала азаматтары бар. Полиция департаменті бастығының орынбасары подполковник Шалқар Қанағатовтың ақпараты бойынша, дәрігерлер қарап, психолог жұмыс істеуде.

- Айбарды әпкесі дүкенге нан алып келуге жұмсаған. Бірақ бақылау камераларынан байқағанымыздай, бала дүкенге кірмей қала сыртындағы әжесінің үйіне қарай кетіп бара жатады. Қазір жасөспірімнің 2 күн бойы қайда болғанын анықтап жатырмыз, - дейді Шалқар Қанағатов.

Білім бөлімінің бастығы Наталья Фесенконың айтуынша, Айбар №42 мектеп-интернаттың екінші сыныбында оқиды. Демалыс күндері оны әпкесі үйіне алып кетеді.

-Анасы жұмысбасты болғандықтан Айбар интернатта тұрып оқиды. Демалыс күндері интернаттан оны анасы немесе әпкесі алып кететін. Ол үнемі таза киініп, жүретін, ұқыпты жүретін белсенді бала. Осы уақытқа дейін ешқандай тәртіп бұзған емес, - дейді Наталия Фесенко. - Психолог Айбардың анасын сондай жақсы көретінін айтып отыр. Бәлкім анасын іздеп барып жоғалып кеткен болар. Барлық мән-жайлар тергеу арқылы анықталуда.