Семейде карантин режимін бұзған 80-ге жуық адам жауапқа тартылды

425
көрілім
Шартты фотосурет

Семей қаласының полицейлері карантин кезіндегі шектеудің сақталуын қадағалау үшін рейд жүргізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, рейд барысында карантин режимін бұзған 77 адамға қатысты хаттама толтырылды. Оның ішінде 54 адам жаяу жүргінші болса, 23-і жүргізуші. Заңбұзушылыққа жол бергендердің көбісі жұп және тақ күндері далаға шығу ережесін сақтамаған.

– Төтенше жағдайды қасақана бұзғандарға заңға сәйкес шара қолданылады. Осы ретте тұрғындарды өзіңіздің және туған-туыстарыңыздың денсаулығын сақтау үшін карантин кезіндегі тәртіпті бұзбауға шақырамыз. Қабылданған шараларға түсіністікпен қарап, полицияның талаптарын орындауларын сұраймыз. Бұның барлығы жұқпалы індеттің жайылуын бәсеңдету мақсатында жүргізілуде, - деп хабарлады ведомство өкілдері.