Семейде кәсіпкерлік нысандар мен дәріханалар жұмыстарын штаттық режимде жалғастыруда

1859
көрілім

Семей қалалық ақпараттық орталығының мәліметінше, қалада азық-түлік пен дәрі-дәрмек тапшылығы байқалмайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, жеткізу бойынша іркілістер жоқ. Бағалар да тұрақты. Алайда алкоголь өнімін өткізуге тыйым салу сақталады.

– Бүгінгі таңда бізде барлық дәрі-дәрмектер жеткілікті мөлшерде бар. Баға мен сапа бақылауда. Жеткізу бойынша кідіріс болған жоқ, - дейді фармацевт Гүлбаршын Исабекова.

Естеріңізге сала кетейік, қала әкімі Бақытжан Байахметовтың тапсырмасына сәйкес әлеуметтік дүкендердің жұмысы ерекше бақылауға алынды. 10 арнайы дүңгіршек пен 20 дүкен үздіксіз жұмыс істейді. Онда тұрақтандыру қорынан өнімдер уақтылы жеткізіледі. Мысалы, пияз, қырыққабат, сәбіз және картоптың бір келісі 82 теңге, ал жұмыртқа 33 теңгеден сатылады.