Семейде көлік ұрлаған ер адам ұсталды

342
көрілім

18 ақпан күні Семей қаласында тұрақта тұрған көлікті ұрлап, мас күйінде, жүргізуші куәлігінсіз теуіп кеткен ер адам қолға түсті деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

18 ақпан күні түнгі сағат шамамен 2.00-де Семей қалалық Полиция басқарамасының Әуезов полиция бөлімшесіне Бозтаев көшесінде орын алған жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшыларының анықтауы бойынша, апатқа жүргізуші куәлігінсіз және мас күйінде көлік жүргізген 37 жастағы қала тұрғыны кінәлі болған. Сондай-ақ тексеру барысында күдікті көлікті 2 сағат бұрын тұрақта тұрған жерінен ұрлап кеткені белгілі болды. Алайда жауап алу барысында күдікті өз кінәсін мойындаған жоқ. Қазіргі уақытта автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 200-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.