Семейде көпбалалы анаға 2 тонна көмір берілді

467
көрілім

Семей қаласында 7 бала тәрбиелеп отырған көпбалалы жанұяға жергілікті әкімдік көмір жеткізіп берді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Осы уақытқа дейін қаржы жағынан қиналып, қысқа қамдана алмаған отбасы әкімдікке көмек сұрап барған. Олардың мұң-мұқтажы ескерусіз қалмай, бүгін көпбалалы жанұяға 2 тонна көмір берілді.

- Бізге қолұшын созғандары үшін үлкен рақмет, - дейді отанасы Динара Макарова. - Қазір отбасымызға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Балаларым мектепте тегін киім-кешекпен, ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Көпбалалы отбасылардың жағдайын ескеріп, қамқорлық көрсетуге ықпал еткен облыс әкімі Даниал Ахметовке және ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Жасұлан Сәрсебаевқа мың алғыс!