Семейде көше кезген елік ұсталды

366
көрілім

Семей қаласында көше кезіп жүрген елік ұсталды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Қала тұрғындары елікті 23-інен 24 ақпанға қараған түні байқап қалыпты. Жабайы аң адамдардан қорқып, қашып кеткен. Алайда жанашырлық танытқан жандар көп ұзамай елікті ұстап алған.

- Бүгінде түз тағысы Семейдегі биологиялық орталыққа жеткізілді. Еліктің жағдайы тексеріліп, ешқандай жарақат анықталмаса, ол қайтадан табиғи мекеніне жіберіледі, - дейді орталық мамандары.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Нұр-Сұлтандағы ЭКСПО жақта шауып жүрген елік видеоға түсіп қалған болатын. Кейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет жабайы аңның ұсталғанын айтқан.