Семейде күшті желге байланысты мектептер мен колледждерде сабақ болмайды

329
көрілім

Семейде күшті желге байланысты мектептер мен колледждерде сабақтар тоқтады, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

- Білім басқармасының мәліметінше, 29 қаңтарда Семейде жылдамдығы секундына 6-12 метрге дейін жететін күшті желге байланысты бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушыларына және 1-2 курс колледж студенттеріне сабақ болмайды, - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, ШҚО-да кеше кешкісін ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше бағыттағы тасжол жабылды.