Семейде мас жүргізуші екі баланы қағып кетті

96
көрілім

"Ford" маркалы автокөлікті тізгіндеген 45 жастағы ер адам жеңіл көлікке соғылып, кейін екі оқушыны қағып кеткен, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жол-көлік оқиғасы 19 мамыр күні сағат 15.00-де Семей қаласы Речников көшесінде орын алған.

- "Ford" маркалы көліктегі жүргізуші рөлге ие бола алмай басқа жеңіл көлікке соқтығысып, төртінші және жетінші сынып оқушыларын қағып кеткен, - деп мәлімдеді Семей қаласы Полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Дәрігерлер зардап шеккен балалар мен екінші көліктің жүргізушісін тексеруден өткізіп, дәрігерлік емдеуге жіберді.

Медициналық куәландыру көрсеткендей, "Ford" көлігінің иесі орташа мастық деңгейінде болған.