Семейде мектептер онлайн оқытуға әзірленуде

381
көрілім

Семей қаласындағы мектептер онлайн оқытуға әзірленуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ ке сілтеме жасап.

 

- 46 мың бала, мұғалімдер мен ата-аналар онлайн оқыту форматына көшуге дайындалуда. Ата-аналармен интернет мәселесі шешіліп жатыр. Оқушылардың үйінде компьютерлік техниканың бар-жоқтығы, интернетке қолжетімділік сынды сұрақтар қарастырылуда. Мұғалімдер оқу материалдарын әзірлеуде, - дейді қалалық білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенко.

Қазіргі уақытта мектептерде қашықтықтан оқытуға көшу үшін барлық қажетті құрал-жабдықтар дайындалуда. Сабақ кестесі де дайындалып жатыр.

   -  Қала мектептері онлайн білім беруге көшуге әзір. Алайда қашықтықтан оқыту – мектептер үшін жаңа құбылыс. Десе де, туындаған барлық мәселелер тез арада шешімін табады деген үміттеміз, - дейді ведомство жетекшісі.