Семейде моншалардың бірінен шыққан өрт кезінде екі адам құтқарылды

4060
көрілім
Сурет ШҚО ТЖД

Төтенше жағдай департаментінің дерегінше, өрт наурыз айының алтысы күні болған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
– Қызыл жалын екі қабатты моншаның бумен қыздыратын бөлмесінде басталған. Өрт кезінде екі адам құтқарылды. Тілсіз жауды ауыздықтауға сегіз техника жұмылдырылды, – делінген мәліметте.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.