Семейде соғыс ардагерлеріне естелік сыйлықтар таратылып жатыр

143
көрілім

Семей қаласында соғыс ардагерлеріне естелік сыйлықтар табыс етілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жеңістің 75 жылдығына орай «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында «Birgemiz Shygys» қоғамдық қоры арқылы 2982 Ұлы Отан соғысының ардагері мен мүгедегіне және тыл еңбеккерлеріне азық-түлік себеттері берілді. Бұдан бөлек, соғыс ардагерлеріне «Nur Otan» партиясынан мерекелік қолсағаттар және ҚР Президенті мен ШҚО әкімінің құттықтау хаттары табыс етілді.

– Акция екі күн бойы өткізіледі. Сыйлық Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагерлері мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне табысталады. Тізімдерді әлеуметтік қорғау органдары әзірледі. Біз тиісті мекенжайларға барып, сыйлықты таратамыз», - дейді «Nur Otan» партиясы Семей қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айнұр Арғынбекова.

Естелік сыйлықтар мен азық-түлік жиынтығын облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, партияның сайлау органдарының және партиялық кадрлық резерв мүшелері жеткізіп беруде.