Семейде танысынан тауық ұрламақ болған тұрғын ұсталды

386
көрілім

Семей қаласында әйел адам танысынан 12 дана қуырылған тауық етін ұрлап кеткен, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

26 тамыз күні 47 жастағы семейлік әйел танысының гриль-аппаратынан тауық етін рұқсатсыз алған. Шығын көлемі 14400 теңге. Аларын алып, ізін суытпақ болған күдікті көп ұзамай қолға түскен. Жасаған заңбұзушылық әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Тәртіп сақшыларының сөзінше, азаматша кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.