Семейде танысының алтын сырғасын тартып алған ер адам ұсталды

317
көрілім

Семей қаласының қала тұрғыны танысының үйіне қонаққа барып, құлағындағы алтын сырғасын тартып алған, деп хабарлайды  Buqara.kz тілшісі.

18 ақпан күні Семей қаласында жедел-іздестіру шаралары барысында 27 жастағы күдікті қолға түсті. Ол таңертең сағат 10.00 шамасында танысының үйіне қонаққа келген. Содан кейін күш көрсету әрекеттерін пайдаланып құлағынан құны 30 мың теңгелік 585 сынамалы алтын сырғасын тартып алады.

Тергеу барысында ер адам өз кінәсін толықтай мойындады. Алайда сырғаны ломбардқа өткізіп үлгерген.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық Кодекстің 191-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Егер кінәсі дәлелденген жағдайда күдікті 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.