Семейде төртінші қабаттың терезесінен бүлдіршін құлап кетті

782
көрілім
Шартты фотосурет - myslo.ru сайтынан

Бес жастағы бүлдіршіннің көпқабатты үйдің 4-қабат терезесінен құлап кеткені туралы ақпарат Семей қалалық ІІБ жедел кезекшісіне Жаңасемей көшесі тұрғындарынан келіп түскен, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілішісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Ересектердің қарауынсыз қалған сәби оқыс жағдайға ұшырап, дүкеннің шатырына түскен. Аман қалған балақай миы шайқалып, түрлі жарақаттармен балалар ауруханасына жеткізілген.

- Соңғы бір жылдың ішінде осындай 3 оқиға тіркеліп, үш бүлдіршін жарақат алған. Мамандар балаларды қараусыз қалдырмауды тағы бір мәрте қатты ескертіп отыр, деп хабарлады Семей қалалық ТЖБ баспасөз қызметі.